Ол мемлекет кірісіне тиесілі 635 мың теңгені жұмсап жіберген
Тараз қаласында жеке сот орындаушысы мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына тиесілі қаражатты ұрлаған. 46 борышкерден өндірілген сома – 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттілігіне жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.
Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді.