Өрттің шығу себебі анықталуда
Қостанай облысында өрт сөндірушілер көліктегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жеңіл автокөліктің мотор бөлшегі мен салоны өртенді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда көлігіңіз өртеніп кетсе, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз!
Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз!