СІМ оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр
Оңтүстік Кореяда қазақстандық мигранттар топтасып төбелесіп, пышақтасқан, деп хабарлайды КТК арнасы. Осы қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен қазір 19 отандасымыз қамауда отыр.
«18-сәуірде болған төбелес бақылау камераларына түсіп қалған. Оқиға жайлы Кореяның жергілікті арналарының бірінде айтылды. Ал Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы елшілік өкілдері болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатқанын мәлімдеді. Дипломаттарымыз бұл мәселені бақылауға алып, жергілікті полиция және көші-қон қызметімен байланыс орнатып жатыр»,- деп хабарлайды телеарна.