Ақмола облысында тұз қышқылы төгілді: жергілікті тұрғындар үшін қауіп бар ма (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

СЭС қызметкерлері апат аймағында ауа құрамын тексерді

Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысының Аршалы ауданында күкірт қышқылы төгілген жерде апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасы жатыр. Экологтар ауадағы зиянды заттардың мөлшерін анықтауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ қышқыл төгілген жерде газсыздандыру жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

«Аршалы ауданы Сарыоба ауылындағы және жақын маңдағы шаруа қожалығында ауаның ластануы рұқсат етілген нормадан аспайды. СЭС қызметкерлері тұрақты негізде саратама жүргізеді», - деп хабарлады ведомство.

Ағып кету орнында бейтараптандырғыш заттар сеуіп, әктеу жұмыстары жалғасуда. Павлодар қаласының жүк тасымалдаушы авариялық тобы резервтік цистернаға тұз қышқылын айдау бойынша жұмыс жүргізі жатыр. Тұрғындар өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдай жедел штабтың бақылауында.