Ол жазаға тартылды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Әкімдік есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық соманы аудары отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады», - делінген хабарламада.
Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.
Есепші Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни, 14 жасқа толғанға дейін шегерілді.
Сот актісі заңды күшіне енді.