Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды: жүргізуші қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Апатқа ұшыраған автобуста барлығы 37 жолаушы болған

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысындағы тас жолда аударылып қалған туристер мінген автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полицияның хабарлауынша, көлік құралын басқарған жүргізуші жол-көлік оқиғасына дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл үшін енді жазаға тартылады. 

«Сонымен бірге, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға бергені үшін жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ақшалай айыппұл салынады», - деді полиция.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жалаңаш-Көлсай автожолымен жүріп, рульді басқара алмай, аударылып кетті. Автобуста 37 адам болған.

ЖКО салдарынан 25 адам зардап шекті.