Өгей атасы 12 жастағы қызды бес ай бойы зорлап келген - Дина Таңсәрі

Автор: Темірхан Айжан

Қыз бала дүниеге келген күнінен бастап өгей атасының көз алдында өскен 

Фото: Istockphoto

Қостанайда 57 жастағы ер адам 12 жасар қыз баланы зорлаған. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ер адам биыл қаңтар айынан бастап жасөспірім қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Өгей немересін «біреуге айтатын болсаң, шешең екеуіңді оңдырмаймын» деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырған.

«13 сәуірде ер адам кішкентай қызбен пәтерде оңаша қалған. Сол кезде жалаңаштанып шешініп тастаған оны  қыз бала суретке түсіріп үлгірген. Кешкісін анасы жұмыстан келген суретті көрсеткен. Анасы дереу полицияға хабарласқан. Қазір ҚК 121 - бабы 4 – тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған желідегі хабарламада.

57 жастағы ер адам қыздың әжесімен 15 жылдан бері тұрады.

Еске салайық, жаңадан өзгеріс енгізілген әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес, педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.