Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті
Атырауда автокөлік майларын ауыстыру орталықтарының бірінде газель өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 11 минут ішінде өртті ауыздықтады. Жүк көлігінің жүргізушісі жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің қарауында. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.