Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов хабарлады
Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бірнеше апта бұрын жолаушыдан жәбір көрген астаналық мылқау такси жүргізушісімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында желіде астаналық саңырау және мылқау такси жүргізушісін жолаушының қорлаған видеосы пайда болды. Жолаушы, тіпті, жүргізушінің USB сымын ұрлауға тырысқан және жол ақысын төлемеген.
Бұл әрекеті үшін айыпты 15 тәулікке қамауға алынды.
Мұрат Әбенов өзінің Facebook парақшасында такси жүргізушісімен кездейсоқ кездесіп қалғанын, онымен суретке түскенін жазды.
«Мен одан (жазбаларға жазу арқылы) оқиғадан кейінгі жағдай қалай екенін сұрадым, қандай да бір көмек қажет емес пе, білдім. Ол алғысын білдіріп, «қазір бәрі жақсы» деп жауап берді. Қоштасарда күлімсіреді», - деп жазды Әбенов.