Қонаев «әкімі» қала тұрғындарынан ақша сұраған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда интернет алаяқтар шенеуніктер мен әкімдердің атын жамылатын болған

Фото: скриншот

Алаяқтар Қонаев әкімі Асхат Бердіхановтың атынан хабарлама жіберіп, халықтан ақша сұрап жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала әкімінің баспасөз қызметі Асхат Бердіхановтың атынан жалған ақпараттар таралып жатқанын айтып, тұрғындарды сақтыққа шақырды.

«Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз», - дейді әкімнің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда әкімдер мен шенеуніктердің суреті қойылған нөмірлерден жалған ақпараттар таралып жүр.