Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан
Жерасты дүмпулері 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми оталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мамандары хабарлады.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында Қытай аумағында бірден бес жер сілкінісі болғанын анықтады.