Ақмола облысында мектептен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

Ақмола облысында мектеп аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысының Шортанды ауданындағы негізгі орта мектептердің бірінде 6 ш.м. алаңда өрт болды. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалынды сөндіріп, өрттің бүкіл ғимаратқа таралуына жол берілмеді. 

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.