Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды
25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Toyota Camry" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген», -делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, көлікте мектеп бітірушілері болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды.