Қазгидромет аталған облыстар бойынша алдын ала ескерту жариялап отыр
Қазгидромет маусым айында құрғақшылық болатын өңірлерді атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында; Қарағанды облысының Шет ауданында құрғақшылық болады», - делінген болжамда.
Ал Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында маусымда ауа-райы бірқалыпты ылғалды болады.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдылық нормаға сай жағдайға жақын болады деген болжам жасалған.