Бұл туралы агенттік өкілі айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов басшылық құрам арасында болатын жемқорлық қылмысын бақылайтын жаңа жедел бөлім құрылатынын айтты.
«Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғалары жасайтын ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыстарын анықтау және оларды болдырмау мақсатында Агенттіктің құрылымында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа жедел бөлім – орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады. Бөлім біздің ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі», - деді Нұрлан Жақсымбетов.