«Астана тіршілігі жоқ, елес қала сияқты»: АҚШ-тан Қазақстанға келген турист тың жазба қалдырды

Автор: Темірхан Айжан

Турист Астананы елес қала деп ойлаған 

Фото: reddit

Америкалық жолаушы Қазақстанға сапары туралы жазып, әсерлі жазба қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Турист Қазақстанды ең керемет елдердің бірі деп сипаттайды. Ол Чикаго қаласынан Астанаға дейінгі билетті мың долларға сатып алған. Ол Астанада 5 түн, Қарағандыда 2 түн, Шарын каньоны мен Көлсай көліне баратын ең қысқа маршрут Сатыда 1 түн, Алматыда 5 түн қонған.

«Мен бірнеше жыл бұрын Қырғызстанға барған едім. Содан бастап Орталық Азияны қатты ұнаттым, қайта оралғым келді. Қазақстанға сапарым менің ойымдағадан асып түсті. Қалалары еуропалық стилге келеді, солтүстігі аласа, оңтүстігінің табиғаты өте керемет. Өте аз туристпен Колорадо мен Ютада болғандай сезінесіз», - дейді ол.

Жолаушы Астананы бір көргенде тіршілігі жоқ қаладай көрінетінін айтады. Архитектурасын футиристік стилде деп сипаттайды.

«Халықаралық мәдениет пен технология инновацияларына арналған Уолт Диснейдің Дүниежүзілік демалыс орталығындағы Epcot саябағын еске түсіреді. Алғашында Астананы қытайлық елес қалалар сияқты ма деп шошыдым. Бірақ адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды көрдім», - дейді турист.

«Қарағандыға баратын пойыз екі сағат кешігіп келді және іші өте ыстық болды. Бірақ бағасы өте арзан болып, мен көп шығынданбадым», - деп жазады ол.

Турист Қарағандыны екі ірі қаланы жалғап тұрған аялдама секілді көріп, керемет әсер аламын деп ойламаған екен. Алайда Қарағанды өзінің сүйкімімен баурап алған. «Ол жердегі орталық саябақта көптеген іс-шаралар өтіп жатады, түнде әртүрлі әртістер көшеде өнер көрсетеді», - дейді жолаушы. Дегенмен 14 сағаттық жолға пойыздан төсегі бар орын алуға кеңес береді.

«Қазақстанда автокөлік жалдау қызметі аз. Елдің оңтүстік-шығысының табиғатын көру үшін Алматыда бір жарым күнге көлік жалдадым. Өте пайдалы болды. Шарын каньоны мен Көлсай көлінен басқа, жол бойында көптеген көркем жерлер, басқа каньондар болды. Бөлек әлем секілді. «Алтын Емел» ұлттық саябағын көргім келді. Бірақ жеңіл көлікпен ол жаққа бару мүмкін болмады. Келесі жолы көруге қалдырдым», - де жазды жолаушы.

«Жер шарындағы ең сүйікті қаламның бірі – Алматы. Қаладан Іле-Алатау ұлттық паркіне автобуспен баруға болады. Менің жасаған қиын сапарлардың бірі болды. Қаланың әр бұрышында көруге тұрарлық мекендер бар. Мен бір аптадай Алматыда болсам да, көріп үлгірмеген дүнием көп сияқты сезілді. Саябақтар, сүйкімді соқпақ жолдар көп. Қазақтың тиінін кездестіріп, 20 минуттай қызықтап қарап қалыппын», - дейді турист.

Ол Қазақтанның халқы өте мейірімді дейді.

«Өкінішке қарай, мені орыс және қазақ тілдерінде аз сөз білемін. Бұл елде ағылшын тілінде сөйлейтіндер аз екен. Бірақ адамдары өз елі туралы айтып беруге дайын тұрады», - деп жазды жолаушы Қазақстанға сапары туралы әсерлі әңгімесінде.