Шымкент тұрғыны криптовалютадан 1,7 млрд теңге заңсыз пайда тапқан

Автор: Azattyq Rýhy

Осы әрекеті үшін ол екі жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: freepik.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді, яғни, криптовалютаны лицензиясыз айырбастаған. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

«Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді», - деп хабарлап отыр прокуратура.