Маңғыстау облысында тағы екі адам COVID-19 вирусын жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 2 адам анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

«Науқастар – Ақтау қаласының 24 және 29 жастағы тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды», - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.  

Бүгінде өңірде 16 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталып отыр.