Теңіз кен орнында улы түтін 20 минут бойы ауаға тараған

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнай өндіру зауыты пештерінің бірінде қысым артқан

Атырауда Теңіз кен орнында будақтаған күкіртті газдың неден шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ақпараты бойынша, мұнай өндіру зауыты пештерінің бірінде қысым артып кеткен.

Бұл жағдай өткен жексенбі күні болған. Қысымды бәсеңдету үшін құбыр арқылы күкіртті газды әдейі осылай шығарып жіберген екен. Улы түтін 20 минут бойы көкке будақтаған. Осыған байланысты Атырау облыстық экология департаменті «Теңізшевройл» компаниясын тексеріп жатыр.