Қазандық цехының шатыры жанып, өрт сөндірілген
Бүгін сағат 18-36-да Теміртау қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да ЖЭО-БАС (бу-ауа үрлеу станциясы) қазандық цехында 50 шаршы метр алаңда қазандық цехының шатырында кокс газының газ құбырында (газ құбыры жөндеуде болды) нафталин шөгінділерінің жануы орын алды, деп хабарайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Өрт 20 минутта cағат 18:56-да сөндірілген.
Бұл уақытта ЖЭО-БАС № 2.5.6.7 қазандықтары жұмыс істеп тұрды. Цехтың шатыры жанғандықтан, персонал № 7 қазандықта басқарылатын тоқтау жүргізді. Жүктеме 47-ден 22 МВт-қа төмендеді. Сағат 22:00-де қазандықты жүйеге қосу жоспарланып отыр.
«Орын алған жағдай тұтынушыларға жылу беруге және станцияның жұмысына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Интернетте таратылған №7 қазандықтың жарылысы жөніндегі ақпарат жалған және расталмайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.