Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үйдің жанында ойнап жүрген үш жасар қыз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір жоғалған бүлдіршінді іздеуге ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды. Сондай–ақ, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
«Іздеушілер жақын маңдағы аумақтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, канал жағалауларын және бүлдіршін бара алатын басқа да бағыттар бойынша жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер баланың жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, 102 жедел желісіне хабарласуыңызды сұраймыз!» - делінген хабарламада.