Құтқарушылар пәтерге еш залал келтірмей кіріп, есікті ашқан
Көкшетауда үш жасар бала мен бір айлық сәби ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда пәтер есігін ішінен жауып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көкшетаулық құтқарушылар пәтерге еш залал келтірмей кіріп, есікті ашқан.
«Дәрігер-құтқарушы Дамегүл Шашкенова балаларды қарап, анасына қолдау көрсетті», - делінген хабарламада.