Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталған
Астанада шағын маркеттен энергетикалық сусын ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елордалық полицейлер таңертең шағын маркеттен энергетикалық сусын ұрлаған қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұрыны тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні (әйел) қағып, пышақпен қорқытып, қашып кеткен. Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ақпаратта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылған.