Ақмола облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім 8 жасар баланы қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім 8 жасар баланы қағып кетті. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, оқиға Біржан сал ауданының Бұланды ауылында болған. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Sonlink» мотоцикліне рұқсатсыз отырған ауылдың кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны велосипедтегі баланы қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 жасар бала түрлі дене жарақтымен Макинск қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Полицейлер көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, - делінген хабарламада.