Жарнама тақтасының ұзындығы 70 метр, ені 50 метр болған
Мумбайда күшті дауыл соғып, жарнама билборды тұрғын үйлер мен жанармай құю бекетінің үстіне құлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.
Ұзындығы 70, ені 50 метрлік билбордтың астында қалған 14 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, бірнеше көлік бүлінді.
Төтенше жағдайлар қызметі үйінді астында әлі де адамдар қалғанын айтып, құтқару жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.
Жергілікті лауазымды тұлғаның сөзінше, 80 адам аман-есен құтқарылған.
Маусым мен қыркүйек айлары арасында Мумбайда нөсер жаңбыр, шаңды дауылдар жиі болып тұрады.