Компания басшысынан 180 млн доллар бопсалаған Астана тұрғыны 10 жылға сотталды
Ол өзін мемлекеттік мекеменің штаттан тыс қызметкері ретінде таныстырған

Астана қаласында шетелдік компания басшысынан 180 млн доллар бопсалаған азамат 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор оның кінәсін дәлелдеп, аталған азамат «алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу» бабы бойынша 10 жылға сотталған.
Сот үкімі заңды күшіне енген.