14.05.2024, 09:40
Оқиғалар
Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні тоқтату үшін өз өмірлерін қатерге тіккен
Оқиға Шымкент қаласында болған
Фото: polisia.kz
Шымкенттегі полиция патрулі ұрланған көлікпен қашып бара жатқан мас жүргізушіні тоқтату үшін өз өмірлерін қатерге тіккен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Анықталғандай, оқиға 9 мамыр күні болған. Мас күйдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, қауіп төндірген.
Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жапқан. Мас адам мінген көлік полиция көлігіне соқтығысқан.
«Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Өзге адамдардың амандығы үшін оны тоқтату керек болды. Сондықтан, өз көлігімізді оның алдына қойдық», – дейді офицерлер.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты