Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментіне мұндай хабарлама Меркі аудандық ауруханасынан түскен.
«Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.