Мемлекеттік орган судья Құлбаеваны қашанға дейін күзетеді?
Бұған дейін Айжан Құлбаевны белгісіз біреулердің қорқытқаны хабарланған

БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова судья Айжан Құлбаеваның жеке бас қауіпсіздігін қорғау шаралары қашанға дейін созылатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Судья Айжан Құлбаеваға қатысты қауіпсіздік шараларын істі тергеген мемлекеттік орган қабылдаған болатын. Қауіпсіздік шараларының алып тасталатын уақыты да соның шешімімен анықталады», - деді БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова.
Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісіне төрелік еткен судья Айжан Құлбаеваға белгісіз адамдар қоңырау шалып, қорқытып, үркіткен, әртүрлі хабарламалар жіберген. Соған байланысты судьяның жеке басының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болатын.