Бишімбаев 16 жылдан кейін ғана өтініш бере алады
Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы өтінішті 2039-2040 жылдары бере алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бишімбаев сотталып отырған аса ауыр қылмыс үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беру 16 жылдан кейін ғана мүмкін болады. Ол 2039-2040 жылдар. Оған жәбірленуші тараптың пікірі ескеріледі»,- деді БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы шенеунік Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.