Қуандық Бишімбаевтың үкімі шығатын уақыт белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа бүгін, сағат 17.00-де үкім шығады, деп хабарлайды Azattyq ruhy. 

«2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысынан кейін аталған сот процесінің аяқталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.