Тұрғын үйдің қабырғасы құлап, 3 бала қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Оқиға Вьетнам астанасы Ханойда болған

фото: www.istockphoto.com

Вьетнам астанасы Ханой қаласында үш бала нөсер жаңбырдың кесірінен құлаған қабырғаның астынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Екі бала үш жаста, тағы біреуі бес жаста болған.

Синьхуа хабарлағандай, жексенбі күні сағат 22:15 шамасында тау бөктерінде орналасқан үйлердің бірінің қабырғасы құлады.

Құтқарушылар дүйсенбіде сағат 01:00 шамасында ішке кіріп, үйінділерден үш баланың мәйітін алып шыққан. 

Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.