ТЖД қызметкерлері оны 4 сағаттан кейін тапты
Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан.
ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, оны 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады.
ҚР ТЖМ бейтаныс жерлерде саңырауқұлақ термеуге шақырады.