Алматы облысында 6 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік рөлінде әйел адам болған

Фото: zakon.kz

Алматы облысының Саймасай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 10 мамырда кешқұрым Пащенко көшесінде болды. Opel Astra көлігі жолға атып шыққан баланы қағып кеткен. Көлік рөлінде әйел адам болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқ астынан атып шыққан.

Сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Әйел адам бірден жедел жәрдем көлігін шақырды, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.

Жол апатының мән-жайын Алматы облысының анықтаушысы анықтайтын болады, тиісті сараптамалар тағайындалды.