28 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарды

Автор: Azattyq Rýhy

Кореяда заңсыз тұрып жатқан ол енді елден кетуге мәжбүр

28 жастағы қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарып, бұқаралық ақпарат құралдарының басты кейіпкеріне айналды, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Канвандо провинциясында заңсыз тұрып жатқан ол өрт шыққан кезде жатақханада болса керек. Жергілікті басылымдардың мәлімдеуінше, Әли есімді жігіт жағымсыз иіс шыға бастаған кезде құтқару қызметінің келуін күтпей, көршілерді өзі далаға шығара бастаған. Айқайлаған дауыстарды естіп, еш ойланбастан жалындаған пәтерге кіріп, 50 жастағы әйелді алып шыққан. Алайда, өрт сөндірушілер келген кезде, осы елде заңсыз жүргендіктен ол жасырынып қалады. Денесі зақымданған оны көршілер емхана әкелуге мәжбүр болыпты. Соның салдарынан, оған жергілікті билікке шындығын айтуға тура келген.

Енді ол мамырдың бірінде Оңтүстік Кореядан кетуге мәжбүр. Алайда, мұны естіген жергілікті тұрғандар бұл әділетсіз шешім екенін айтып, көші-қон қызметіне өтініш жазбақшы.