Өскеменде сырғанақтың теміріне қыстырылып қалған төрт жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға ұялы телефонға түсіп қалған

Фото: freepik.com

Өскеменде төрт жасар бала аулада ойнап жүріп, сырғанақ құрылымының арасына аяғын қыстырып алып, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы құтқарушыларды оқиға орнына шақырды.

ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен құрылымды ашып, баланы темірдің арсынан босатып алды.

ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бала құтқару операциясы кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмады.