05.05.2024, 08:58
Оқиғалар
«Жеміске қақалған»: Атырауда қарттар үйіндегі зейнеткер өлімнен аман қалды
Зейнеткер облыстық ауруханаға жеткізілді
Фото: freepik.com
Атыраудағы Қарттар үйінде тұратын 73 жастағы әжей жеміске қақалып, демі тарылған. Зейнеткерге жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біздің бригада оқиға орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.
Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер ұйымдасқан әрекет нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды