Алматы маңындағы тас жолда 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Алматы маңындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында орын алды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап

Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға көпір маңында орын алған. Үш жасөспірім төменнен өтетін пойызды бақылап отырады. Сәлден соң екі жасөспірім жандарында болған үшінші танысын таппай қалады.

Куәгерлердің айтуынша, 15 жасар жасөспірім жолдың жарықтандырылмаған учаскесіне шығып кетеді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі тежегішті басқанымен, соқтығысудан құтылу мүмкін болмады.

Жаяу жүргінші көліктің алдыңғы әйнегіне басымен соғылып, алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Жол апатының мән-жайын жол полициясы қызметкерлері тексеріп жатыр.