«Оны қаланың сыртына апарып, өлтіріп, далаға көміп кетпей ме?». Адвокаты Бишімбаевты қалай қорғап жатыр

Автор: Темірхан Айжан

Бишімбаев Нүкенованы өлтіруге арнайы киллер жалдамаған дейді адвокат

Фото: видеодан кадр

Сот отырысында адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың әйелін қасақана аса қатігездікпен өлтірмегенін дәлелдеуге тырысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның сөзінше, сотталушы шын мәнінде адам өлтіргісі келсе, оны өз қолымен жасамас еді. Яғни, Бишімбаев Нүкенованы өлтіруге арнайы киллер жалдамаған дейді ол. Бишімбаевтың Салтанатты «алақанымен» ұрғаны, жамбасынан тепкілегені де оны өлтіруді ойламағанын білдірсе керек.

«Бишімбаев өз қолымен өлтіргісі келді делік. Бұл жағдайда ол алдын-ала дайындалып, бес қаруын сайлауы керек еді. Нүкенованы адам көзі түспейтін жерге апарып, тыныш қана өлтіретін еді. Таңға дейін жанжалдасып, оның сөздерін тыңдап отырмайтын еді. Әйелді қаланың сыртына апарып, өлтіріп, далаға көміп кетпей ме?», - дейді адвокат.