Өрттің себебі анықталып жатыр
Павлодарда «Газель» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 сәуірде сағат 13:22-де өрт сөндірушілерге Катаев көшесінде орналасқан автокөліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті.
«Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері және бір техника жолға шықты. «ГАЗель» көлігі толығымен жанып жатқандығы анықталды. Өрт 13:30-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.