Оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған
Қызылорда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында көлікке қамалып қалған екі жасар қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 сәуірде қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
«Оқиға орнына 4 құтқарушы шығып, арнайы жабдықтың көмегімен машинаның есігін ашып берді. Көлікте қамалып қалған 2022 жылы туған кішкентай қыз аман-есен құтқарылды», - деп хабарлады ТЖМ.