Павлодарда колледж студенті суицид жасады

Автор: Аманалина Тоғжан

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Павлодарда өзіне қол жұмсаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар колледждерінің бірінің жатақханасынан студенттің денесі табылды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полициядан.