«Қаратау» компаниясы еліміздегі ең ірі уран өндіруші – «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес кәсіпорны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына, «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады. Бұл ретте «Iri building» компаниясының иесі әлі табылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Антикорға сілтеме жасай отырып.
Тергеу анықтағандай, олар 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту үшін оның құрылыс-монтаждау жұмысына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деген күдіке ілініп отыр.
Ақшаны қалтаға басуға авторлық, техникалық қадағалау өкілдері қолдау білдірген, ал, «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапы немқұрайлылық танытқан. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.