Өрттен зардап шеккендер жоқ
Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы екі қабатты монша ғимаратында
ағаш конструкциялары мен жиһаз жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 98 ш.м алаңда өртті сөндірді.
«Сондай-ақ, шақыру орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 35 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.