$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Салтанат ес-түссіз жатқанда, қол ұшын созбаған»: Бишімбаевтың соты тағы да кейінге шегерілді

Мемлекеттік айыптаушы Байжановтың бір айыбын алып тастады 

«Салтанат ес-түссіз жатқанда, қол ұшын созбаған»: Бишімбаевтың соты тағы да кейінге шегерілді
Фото: Жоғарғы сот

Бақытжан Байжановқа қатысты эпизодтар бойынша сот тергеуі қайта басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Прокурор күдікті Байжановқа Қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни, «белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау» фактісі бойынша тағылған айыптан бас тартты.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 432-бабы, «аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу» айыбы бойынша жалғасады.

Прокурордың сөзінше, Байжанов VIP бөлмеде Нүкенованың ес-түссіз, қолғалмай жатқанын көре тұра, өзінің таныс дәрігерінің «жедел-жәрдем шақыр» деген кеңесін ести тұра, жәбірленушіге көмек беруге тырыспаған.

«Оның орнына Байжанов қылмыстың ашылып қалатынын түсініп, дәлелдерді жасырып, мекемені жауып, қызметкерлерді таратып, камерадаға жазбаларды өшіріп, Нүкенованың телефонын басқа мекен-жайларға апарып, бірнеше рет мейрамханаға әйелдің киімдерін әкеліп, қылмысты жасырудың амалдарын жасаған», - деді мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков.

Байжановтың адвокаты аталған айып бойынша сотталушымен кеңесу үшін судьядан екі-үш күн беруді сұрады. Сот отырысы 2 мамырға қалды.

Айта кетейік, бүгін сот үш тараптың жарыссөзімен басталуы керек еді. Алайда, таңертең сағат 10.00-де Байжанов пен Бишімбаевтың сотқа кешігіп келуіне байланысты отырыс сағат 14.30-ға ауысқан еді. Енді 14.30-дағы мәлімдемені ескере отырып судья келесі отырысты 2 мамырға белгіледі. 

Серіктес жаңалықтары