Ақмола облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

Автор: Аманалина Тоғжан

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 716.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1 099 шақырымында болған.

"28 сәуір күні сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz Е200 маркалы автокөлік пен Жақсы ауылынан Астана қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ - 2107 маркалы автокөлік соқтығысты", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан оқиға орнында 5 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.