Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Автор: Аманалина Тоғжан

53 адам эвакуацияланды

Видео: ҚР ТЖМ

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Барлығы 53 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18-і балалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

"Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.