Өрттің алдын ала себебі анықталуда
Атырау облысы Махамбет ауданында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ хабарлауынша, өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сағат 21.04-те жойылды.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала себебі анықталуда.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.