Ол бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында тағы бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.
Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты 58 жастағы оралдық тұрғын үй карантиніне жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған.
«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен одан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
20 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 63 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 2.