Екеуі де жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды
Қызылорда облысының құтқарушылары Баймұрат ауданында жол апаты салдарынан мыжылып қалған көлік ішіндегі адамдарды сыртқа шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 сәуірде Шымкент-Самара тас жолы бойында орын алды.
«Қызылорда облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен мыжылған көлік ішіндегі екі әйелді сыртқа шығарып алып шықты», - делінген хабарламада.
Екеуі де жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.